Қазақстан Халық партиясының Тайваньда өткен сайлау қорытындысы бойынша мәлімдемесі

dep.jpg

Қазақстан Халық партиясы ҚР Сыртқы істер министрлігінің «біртұтас Қытай» қағидаттары туралы ресми ұстанымын қолдайды.

– Қытай Халық Республикасының Үкіметі бүкіл Қытайдың тұтастығын білдіретін жалғыз заңды үкімет, ал Тайвань Қытай аумағының ажырамас бөлігі болып табылады, - делінген ҚР СІМ мәлімдемесінде. - Қытай Халық Республикасы Үкіметінің елді бейбіт жолмен біріктіруді жүзеге асыру жөніндегі күш-жігерін қолдаймыз.

Осыған ұқсас пікірді ҚХР-дың CCTV телеарнасына жуырда берген сұхбатында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтқан болатын.

– Бұл мәселе әлемдегі баршаға түсінікті болуы керек. «Екі Қытай» деген ұғым болмауы тиіс, - деп атап өтті Мемлекет басшысы. - Тайвань - Қытайдың бір бөлігі. Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысында бекітілген барлық мемлекеттердің аумақтық тұтастығы қағидаты сақталуы қажет. Бұл қағидат сондай-ақ Шанхай Ынтымақтастық ұйымының декларациясы мен Жарғысында да көрсетілген. Сондықтан біз үшін Тайвань – Қытайдың бір бөлігі екенін тағы да атап өтемін. Бұл мәселеде біздің ешқандай күмәніміз жоқ.

Қазақстан Халық партиясы Қытайдың ішкі істеріне араласу әрекеттеріне қарсы.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy