Қазақстанның солтүстік өңірі газдандыруға аса мұқтаж

Қазақстан Халық партиясының парламенттік фракциясының депутаттары өңірлерге жұмыс сапары аясында атақты Петропавл ТЭЦ-2-ге барды. «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ бас директоры Анатолий Казановский қонақтар үшін кәсіпорын бойынша шағын экскурсия өткізіп, оларды қазандық агрегаттары мен инженерлік желілердің жұмысымен таныстырды.

Петропавл ТЭЦ-2 қызметінің негізгі түрі жылу және электр энергиясын өндіру болып табылады. Электр энергиясын беру Солтүстік Қазақстан тарату энергетикалық компаниясы мен «KEGOC» АҚ транзиттік желілері арқылы жүзеге асырылады. Станциядан жылу беру үш жылу магистралі бойынша жүргізіледі. ЖЭО-ның негізгі отын түрі көмір, оны жағу үшін мазут пайдаланылады.

1

– Біздің көзбен көргеніміз көңіл қуантады, - деп атап өтті ҚХП депутаты Ирина Смирнова. - Станция табысты жұмыс істеуде. Біз оның осы қыстан та, келер қыстан та еш қиындықсыз өтетініне нық сеніп тұрмыз.

Алайда шешілмеген мәселелер әлі де көп. Олардың біріншісі - маман тапшылығы. Бүгінде штат бойынша 500-ге жуық қызметкер жетіспейді. Басты себеп - жалақының төмендігінде. Алайда, ЖЭО басшылығының айтуынша, олар қызметкерлердің жалақысын көтере алмайды, себебі ол тарифке тікелей байланысты және монополияға қарсы органдар мұны қатаң қадағалайды.

2

– Мәселені шешу үшін бұл жерде, әрине, тәсілдерді өзгерту қажет, - деп есептейді депутаттар.

Парламент депутаттарының пікірінше, зиянды өндірісте тікелей жұмыс істейтіндер үшін еңбек жағдайын жақсарту және зейнеткерлік жасын төмендету қажет. Ал ең бастысы – Петропавл қаласымен қоса бүкіл солтүстік өңірді газдандырумен нақты, әрі тиянақты айналысу қажет.

– Көмірді пайдалану - өте лас өндіріс, - деді Ирина Смирнова. - Экологиялық заң бұзушылықтар үшін орасан зор айыппұл төлей бастайтын уақыт та алыс емес.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy