Қазақстан Халық партиясы (ҚХП) Төрағасы Е.Қ.Ертісбаевтың Мемлекет басшысының еліміздің бірқатар облысындағы су тасқыны салдарынан қалыптасқан күрделі жағдайға байланысты Қазақстан халқына жариялаған үндеуі бойынша пікірі

dep.jpg

Қымбатты отандастар!

Қазақстан Халық партиясы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың апаттарды азайтып, зардап шеккен азаматтарды бейбіт те, тыныш өмірге қайтаруға, келтірілген зиянның орнын толтыруға деген ұмтылысын шын жүректен қолдайды.

Біз соңғы 80 жыл ішіндегі ең ірі апаттың құрбаны болған қазақстандықтардың қайғысына ортақтасамыз. Осы қиын сәтте Қазақстан Халық партиясы өз халқымен бірге екенін асқан жауапкершілікпен мәлімдейміз! ҚХП мүшелері апаттың салдарын жоюға қарсы күреске белсенді түрде үлес қосуда. Төтенше жағдайдың алғашқы күндерінде біз ең көп зардап шеккен өңірлерге барып, жағдайды талдадық.

Су тасқынынан зардап шеккендерге көмектесу үшiн едәуiр қаражат жинау ұйымдастырылды және азық-түлiк, дәрi-дәрмек, бiрiншi кезекте қажеттi заттарды жеткізу үшін гуманитарлық көмек жинау пункттерi құрылды. Өңірлік филиалдар мен ҚХП еріктілері майданның алдыңғы шебінде жүр және су тасқынына қарсы қоршауларды салуға белсенді қатысып жатыр, құтқарушыларға қосымша техника жеткізуде, ыстық тамақ ұйымдастырып, зардап шеккендерге қолдан келген көмектің бәрін көрсетуде, аянып қалған ешкім жоқ.

Біз Президенттің ТЖ аймақтарында құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету туралы айтқанын барынша қолдаймыз. Қылмыстық элементтердің тонау мен өшпенділік жасауына жол беруге болмайды. «Азаматтардың қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысуы туралы» Заңның нормаларын «жандандыру» қажет деп санаймыз және кез келген заңсыздыққа, қол сұғушылыққа қарсы күресетін халық жасақтарын құруды ұсынамыз. Бұл жерде біз бірнеше рет ауыр апатты жағдайдар кезінде асқан ұйысшылдық пен темірдей қатал тәртіптің үлгісін көрсете білген Қытай, Куба және Вьетнам халықтарының тәжірибесіне сүйенеміз.

Қымбатты отандастарым!

Осы күрделі кезеңде біз бірлігіміздің мызғымастығын, рухымыздың беріктігін көрсетіп, зардап шеккендерге мейірімділік таныта білейік.

Біздің күшіміз - Бірлікте!

«Қазақстан Халық партиясының төрағасы Е.Қ. Ертісбаев»


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy