Қазақстан Халық партиясы – АЭС салу идеясын қолдайды!

dep.jpg

АЭС құрылысы бойынша жалпыхалықтық референдум жарияланғаннан бері Қазақстан Халық партиясы халық арасында түсіндіру жұмыстарына белсене қатысуда. Мақсат – сайлаушыларды ел үшін маңызы зор жоба бойынша дауыс беру кезінде дұрыс шешім қабылдауға шақыру. Яғни, АЭС салу идеясын қолдап дауыс беру.

Ең алдымен, ҚХП республика азаматтарына үндеу жариялап, отандық ядролық жобаны қолдауға шақырды.

«...Соңғы шешім күзде, ұлттық референдумда қабылданады. Оған және оның алдағы салдарына біз және біздің балаларымыз жауапты боламыз. Осы ретте халқымыз өзінің ең асыл қасиеттерін – патриотизм, азаматтық сана, рационализм және объективтілік танытуы тиіс...», – делінген үндеуде.

Көп ұзамай атом электр станциясын салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб құрылды. Оған 6 саяси партия мен 20-ға жуық республикалық қоғамдық бірлестіктердің 250-ге жуық өкілі бірікті. Әрине, олардың қатарында ҚХП да бар.

Партия төрағасы Ермұхамет Ертісбаев штабтың бас кеңсесінің құрамына, ал өңірлердегі ҚХП филиалдарының өкілдері облыстық штаб бөлімшелерінің құрамына енді. Партия мүшелері барлығы 342 түрлі танымдық іс-шара ( кездесулер, жиындар, бұқаралық іс-шаралар, дөңгелек үстелдер және т.б.) ұйымдастырып, оларға қатысып, бір жарым миллионға жуық аудиторияны қамтыған 726 ақпараттық-түсіндіру мазмұнындағы материал жариялады.

Жалпыхалықтық референдумның басталуына 12 күн қалды. Қазақстан Халық партиясының өкілдері жүргізіп жатқан ақпараттық-түсіндіру жұмыстары үгіт-насихат мерзімі аяқталғанша жалғасады.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy