Қазақстандық бітімгерлер Голан үстіртіне барады

dep.jpg

Біріккен Ұлттар Ұйымының Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде Голан үстіртінде бітімгершілік контингентті өрістетуге бағытталған ҚР Үкіметі мен БҰҰ арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.

ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлағандай, Қазақстан алғаш рет бітімгершілік миссиясын дербес өрістетуге және орындауға халықаралық мандат алды. Контингенттің құрамына 139 әскери қызметші кіреді, олардың міндеті даулы аумақтарда қарсы тараптар арасында оқ атуды тоқтату режимін қолдау болады. Біздің бітімгерлерімізді Таяу Шығысқа жіберу туралы шешім бұған дейін Парламент палаталарының бірлескен отырысында қабылданған еді.

– Бітімгершілік миссиялар, бұл соғыс немесе ұрыс қимылдары емес, - деп атап өткен болатын ол кезде Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов. - Олардың басты мақсаты - бейбіт шарттардың орындалуын бақылау.

Жалпы парламентшілер БҰҰ-ның Израиль, Палестина, Сирия және Судандағы миссияларына қатысу үшін ҚР ҚК бітімгершілік контингентін 430 адамға дейін жіберу туралы ұсыныстарды қолдады. Қазақстан Халық партиясы парламенттік фракциясының депутаттары бұл шешімді мақұлдағандар қатарында болды.

– Қазақстанның БҰҰ-ның бітімгершілік миссияларына қатысуы практикалық дағдыларды игеру, Қарулы Күштердің әлеуетін және жалпы алғанда, тәжірибені арттыру үшін үлкен маңызға ие деп санаймыз, - деп атап өтті ҚХП атынан сайланған Мәжіліс депутаты Ислам Сұңқар. - Сондай-ақ бұл Қазақстанның БҰҰ-ның толыққанды мүшесі ретіндегі халықаралық деңгейдегі рөлін арттыруға ықпал етеді деп есептейміз.

Қорғаныс ведомствосындағылар миссияны орындауға дайындық мерзімі 15 наурыз екенін хабарлады.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy