Қазақстанға Алименттік қор керек

dep.jpg

Қазақстанда алименттік берешек миллиардтармен есептеледі, ал мемлекет тастанды балалардың құқықтарын қорғау бойынша ешбір әрекет етпей отыр. Бұл мәселені Қазақстан Халық партиясы парламенттік фракциясының депутаттары тағы да көтерді.

Мәжілістің жалпы отырысында ҚХП фракциясының басшысы Магеррам Магеррамов атап өткендей, қазір жалғызілікті аналар өз балаларының лайықты өмір сүруі үшін жалғыз күресуде. Ал жазаланбайтынын білетін әкелер уайым-қайғысыз жүріп, тек қана алимент мөлшерін көбейтуде.

– 2022 жылы алимент бойынша берешек сомасы 13 793 780 739 теңгеге жетті, - деп атап өтті мәжілісмен. - Алайда бір жыл ішінде ол 20 796 615 823 теңгеге дейін өсті. 2024 жылдың басында алимент өндіріп алу бойынша сегіз мыңнан астам сот шешімі орындалмай отыр.

Осы бағытта жұмсалған күш-жігер мен «Алимент төлеу жөніндегі отыз қадам» сияқты бағдарламаларға қарамастан маңызды мәселе шешімін таппай отыр. Сот орындаушыларының республикалық палатасы қабылдаған бастамалар да нақты нәтиже бермей келеді.

Бастапқыда ҚХП алтыншы шақырылымда жалпы берешек бар болғаны екі миллиард теңге болып тұрған кезде «алименттік» мәселені көтерген болатын. Алайда уақыт өте келе жағдай нашарлап, қарыздар ондаған есе өсті. ҚХП фракциясы қайғысыз әкелердің арқасында кедейшілікте өсуге мәжбүр балалардың мүдделерін қорғауға бағытталған бірқатар нақты шараларды ұсынып отыр. Атап айтқанда, алиментті өндіріп алу кезінде сома ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен болмауы тиіс. Және, әрине, бюджеттен тыс түсімдерден қалыптасатын мемлекеттік Алименттік қор құру.

– Қордың негізгі мақсаты - үш айдан астам уақыт бойы алимент алмайтын балаларға алимент төлеу, - деп түсіндірді М.Магеррамов. - Жүргізілетін төлемдерді мемлекетке өтеу осы сомаларды алимент төлемей жүргендерден өндіріп алу жолымен жүзеге асырылатын болады.

Депутаттық сауалды аяқтай келе, ҚХП фракциясының басшысы жаңа Үкіметтің ұсынылып отырған бастамаларға айрықша мән беретініне және балалардың тағдырына немқұрайлы қарамайтынына сенім білдірді.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy