Кеңістікке қолжетімділік

dep.jpg

Қазақстан Халық партиясынан сайланған Мәжіліс депутаты, ҚР Президенті жанындағы Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл Кенжеғұл Сейтжан өңірлерге жасаған жұмыс сапары аясында Шымкент қаласында бірқатар кездесу өткізді.

Халық қалаулысы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына барды. Іс-шара барысында қатысушылар тұрғындарға, оның ішінде әлеуметтік жағынан осал санаттағы азаматтарға көрсетілетін әлеуметтік қызметтің сапасын талқылады.

Кенжеғұл Сейтжан шымкенттік шенеуніктерге осы саладағы жаңа бастамалар мен ұсыныстарды қамтитын арнайы жобаны таныстырды.

Сонымен қатар мәжілісмен көру қабілеті бұзылған балаларға арналған «Үміт» мектеп-интернатының ұжымымен кездесті. Кездесуде зағип және көзі нашар көретін оқушыларға арналған арнайы білім беру жүйесі, инклюзивті білім беруді дамыту, педагогтардың кәсіби әлеуеті, әлеуметтік бейімделу және мүгедектігі бар балалардың құқығын қорғау мәселелері талқыланды. Бұған қоса білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасын жетілдіруге қатысты ұсыныстарға ерекше назар аударылды.

Парламент Мәжілісі Экология мәселелері және табиғатты пайдалану комитетінің өкілі ретінде К.Сейтжан Шымкент қаласының Экология департаментінде де болды. Ол департамент басшылығымен қаладағы экологиялық жағдайды, ауа сапасын, қалдықтарды басқару жүйесін және жасыл аймақтарды сақтау бастамаларын талқылады.

Сондай-ақ К. Сейтжан қаланың мәдениеті мен күнделікті өмірінің ажырамас бөлігіне айналған әйгілі Шымкент базарын аралады.

– Біреулер үшін бұл – үйреншікті бағыт, ал енді біреулер үшін – кеңістікпен күнделікті жұмыс: дыбыстар, қозғалыс, сауда сөрелері, қарбалас, – деп атап өтті мәжілісмен. – Мұндай орындар әр елде бар: жанды, шынайы, мәдени маңызы зор. Сондықтан бұл жер халықтың барлық топтары мен санаттары үшін қолжетімді болуы тиіс. Мұнда ерекше жағдай туралы емес, мәдениет әр адамға ашық болатын қалыпты норма туралы сөз болып отыр.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy