Құрметті кеншілер!
Қазақстан Халық партиясы Сіздерді кәсіби мереке – Кеншілер күнімен шын жүректен құттықтайды!
Біз Сіздердің табандылықтарыңыз бен мамандыққа деген адалдықтарыңызды құрметтейміз және жоғары бағалаймыз.
Сіздердің қажыр-қайраттарыңыз бен ерік-жігерлеріңіз және адал еңбектеріңіз тәуелсіз Қазақстанның гүлденуіне өлшеусіз үлес қосып келеді.
Сіздер абырой мен атаққа, даңқ пен дәрежеге, құрмет пен қошеметке лайықсыздар.
Кен қазып, меттал балқытып жүрген жандарға бақ-береке тілейміз.
Дендеріңіз сау, бастарыңыз аман, бауырларыңыз бүтін болсын!