Қазақстан Халық Партиясы атынан сайланған Парламент Мәжілісінің депутаты Кенжеғұл Сейтжан Алматыда өткен «Әке – асқар тау, биік шың» атты І әкелер форумына қатысты. Аталған іс-шара елімізде қыркүйек айының екінші жексенбісінде атап өтілетін Отбасы күніне арналды.
Форум мақсаты- отбасындағы психология мәселелерін, бүгінгі таңдағы әкенің міндеті, бала тәрбиесіндегі әке рөлі мен маңызын талқылау.
-Мұндай форум бірінші рет өтіп отыр. Шараға үлкен ынтамен қатыстым, - деп атап өтті Кенжеғұл Сейітжан.
Депутат шара барысында өзінің құттықтау сөз айтып, отбасын құрған мүмкіндігі шектеулі жандар туралы кеңінен баяндады. Депутаттың сөзі ынталандыруға жетелеп, жиынға қатысушылар арасында қошеметке ие болды. Айта кету керек, Кенжеғұл Сейтжан отбасын құрған, бүгінде екі баланың әкесі. Және көру қабілетінен айырылған 1 топтағы зағип жан.
Егер тағдыр салып, адам мүмкіндігі шектеулі жан болса, соған қарамастан үлкен мақсаттарға жете алады. Тек ол үшін еңбек ету қажет және жауапкершіліктен қорықпау керек. Ештемеге мойыма, өз өмірің өз қолыңда, қалыптастыр және соның авторы бол, - дейді Кенжеғұл Сейтжан.
Жиында көбіне отбасы психологиясы сөз болды.
Пікірталасқа қатысушылар, өкінішке орай қазіргі әкелер бала тәрбиесіне аз уақыт бөледі, бұл өсіп келе жатқан жас ұрпақтың өміріне кері әсерін тигізеді. Осыдан соң бала бойында инфантилизм мен күнделікті дәрменсіздік пайда болады деген ой түйді.