Бұған дейін «Кернай» тұрғын үйінің азаматтары Қазақстан Халық партиясына бірқатар мәселесі жайлы шағым жеткізген. Халықтың мұңы депуттар арқылы жауаптылардың құлағына жетіп, шешілетін болды.
Осы іспен түпкілікті айналып жүрген Қазақстан Халық партиясының фракция жетекшісі Магеррам Магеррамов бұл саладағы жұмыстар өз нәтижесін беріп жатқандығын атап өтті.
Құрылыстың басы қасындағылар ондағы лифт стандартқа сәйкес жұмыс істейді деп уәде берді. Егер көтерілетін құрылғы бұзыла беретін болса, жабдықты толық ауыстырып бермек. Сондай-ақ, 1 қазанға дейін аула инфрақұрылымын жақсарту және автотұрақ мәселесін шешу үшін қақпа орнатылады.
– Біз автотұрақ орындарын тұрғындардың өздеріне қайтарылуын бақылаймыз - деп нақтылады мәжілісмен.
Бұған дейін елордадағы "Кернай" көп қабатты үйдің тұрғындар Қазақстан Халық Партиясынан көмек сұрап, құрылыс салушы тарапынан олқылықтар болғанын жеткізген. Тұрғын үйдегілер бірнеше мәселе барын айтып шағымданған. Олар: мүгедек жандарға арналған көтергіш лифттердің істен шығуы, инфрақұрылымның тиісті стандартқа сай еместігі. Одан бөлек, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың, балалы ата-аналардың қатынауы қиын деген болатын. Және тұрғындарға арналған тегін автотұрақтарды меншікке алып, заңсыз сатып жатыр деген шағымдары да болды.
Фракция депутаты Магеррамов: - Атқарушы билік құрылысшылардың жұмысын жіті бақылауы керек. Бизнес тек табысты ойламай, өздері салатын тұрғын үйдегі азаматтарға бар жағдайды жасауы тиіс-, деді.
Аталған кешенді салған мердігер компания олқылықтарды 2-қазанға дейін түзейтін болды. Содан кейін атқарған жұмыстары бойынша есеп беруге міндеттелді.