ҚХП әрдайым халықпен бірге!

dep.jpg

Қазақстан Халық партиясы баспасөз қызметінің өкілі Уатхан Билял «AQJAIYQ» өңірлік телеарнасында пікір айтты. Телеарна Орал қаласының, Батыс Қазақстан облысы мен Қазақстанның жаңалықтарын жариялайды.

Тележурналистер атап өткендей, дағдарыс кезінде Қазақстан Халық партиясы әрдайым халықпен бірге екенін көрсетіп жүр. Бұған дейін ҚХП су басқан Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарына көмек көрсетсе, енді бір топ партия белсенділері Астанадан Оралға келді. Партиялықтар су тасқынынан зардап шеккендерге көмек жинайтын «Ақ жайық» қайырымдылық қорына 3 млн теңге аударып, еріктілер қатарына кірді.

– Мысалы, Бөрлі ауданының, Орал қаласының маңындағы отбасыларға көмек көрсетілді, - деді Уатхан Біләл. – Оларға жылы киімдер мен азық-түлік жеткізілді.

Сондай-ақ, партия мүшесі басқа өңірлерден келген көптеген қазақстандықтар Батыс Қазақстан облысына еріктілер ретінде барып, гуманитарлық көмек көрсетіп, суды бөгеу мен жағалауды нығайту жұмыстарына қатысқанын атап өтті. Уатхан Біләлдің пікірінше, мұндай ынтымақтастық адам жанын жадыратады.

– Жергілікті тұрғындардың бірлігі мен ынтымағы бізді таң қалдырды, - деді ол.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy