Қазақстан Халық партиясының белсенді мүшесі Ғани Қандиев өз еркімен Алматыдан Атырау облысына су тасқынымен күресуге аттанды.
ҚХП Алматы қалалық филиалының жастар қанатының еріктілері су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек жинау бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Олар «Атамекен» ҰКП өткізетін акцияға қосылды және енді халық жеткізген азық-түлік, бөтелкедегі ішетін су, дәрілік заттар мен медициналық керек-жарақтар, киім-кешек, аяқ киім, жылы заттар, шаруашылық тауарлары және гигиена құралдары секілді жүктерді қабылдайды, сұрыптайды және жөнелтуге дайындайды.
– Бірігіп, көмекке мұқтаж жандарға жәрдем керек кезде алматылықтардың қолдауын көрсетіп, нағыз күшке айналып, ынтымақ пен бірліктің үлгісін танытайық - деді ҚХП жастары қала тұрғындарына.
Оның үстіне, ҚХП Алматы қалалық филиалының өкілі, азаматтық активист Ғани Қандиев апатқа қарсы күреске жеке өзі барамын деп шешті. Ол жұмыстан демалыс алып, су тасқынынан ең көп зардап шеккен облыстардың бірі Атырау облысына алдыңғылардың бірі болып, аттанып кетті.
– Біз осындай қиын кезде сырт қала алмаймыз! - деп атап өтті белсенді кетер алдында. - Менің аз ғана көмегім болса да, елге пайдам тиетініне сенімдімін!