ҚХП депутаттары өңірлерге жасалған жұмыс сапарын қорытындылады

dep.jpg

Қазақстан Халық партиясы депутаттарының өңірлерге жұмыс сапары аяқталды. Астанаға оралған мәжілісмендер парламенттік фракцияның отырысын өткізіп, онда көшпелі отырысты қорытындылап, ҚХП төрағасы Ермұхамбет Ертісбаевқа есеп берді.

Парламенттік фракция жетекшісі Магеррам Магеррамов атап өткендей, сапар күрделі де құбылмалы ауа райы жағдайында өтті. ҚХП депутаттары Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының шалғай аудандары мен ауылдарын аралап шықты. М.Магеррамов жергілікті тұрғындармен кездесуді өз деңгейінде ұйымдастырған партия филиалдарының өкілдеріне, сондай-ақ ҚХП-дан сайланған Мамлют және Денисов аудандарының әкімдеріне алғыс айтты.

– Өңірлерге жүмыс сапарымен барғанымыз өте тиімді әрі табысты болды, - деп атап өтті ҚХП фракциясының басшысы. – ауыл халқы көптеген шешімін таппай отырған мәселені көтерді, ұсыныстарын жеткізді. Бұл ұсыныстардың барлығын біз шешімін табу үшін өз қаперімізге алдық.

Бізге айтылған барлық ұсыныстар мен өтініштер жүйеленіп, партияның бес депутатының әрқайсысы оларды өзінің әлеуметтік бағыты бойынша, парламенттік комитеттер жұмысының бейініне байланысты пысықтайтын болады. Мұндай сапарлар - халық қалаулылары жұмысының ажырамас бөлігі. Олар өндірістерге, шахталарға, зауыттарға, ауруханаларға, инфрақұрылым нысандарына және т.б. барып, азаматтарды толғандыратын, бірақ жергілікті жерлерде шешілмейтін мәселелерді егжей-тегжейлі зерттейді. Жалпы мақсат - өңір халқының әлеуметтік жағдайын жақсарту.

Қазірдің өзінде ҚХП-дан сайланған Мәжіліс депутаттары өзекті тақырыптар бойынша Үкіметке және басқа да құзыретті органдарға жолданатын депутаттық сауалдарын дайындап жатыр. Мәселелер экология, инфрақұрылым, әлеуметтік қамсыздандыру, бюджеттік қаржыландыру, аграрлық секторды дамыту және т.б. салалардағы проблемаларға қатысты. Депутаттар ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақстандықтардың өмірін жақсарту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын бақылауға ерекше көңіл бөледі.

Есепті баяндаманы тыңдаған ҚХП төрағасы Ермұхамет Ертісбаев депутаттардың атқарған жұмыстарының маңыздылығын атап өтіп, олардың алдына жаңа міндеттер қойды.

– Барлық ұсыныстарды, түскен барлық өтініштер мен сайлаушылардың талап-тілектерін біз биыл шешуіміз керек, - деп қорытындылады партия төрағасы.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy