Халық партиясы өз серіктестерін біріктіруде. Көкшетауда Халық партиясы жақтаушыларының алғашқы форумы өтті. Форумға партия төрағасы Ермұхамет Ертісбаев, Мәжіліс депутаттары, өңірлік филиал жетекшілері мен азаматтық белсенділер қатысты.
Форумды ашқан Ақмола облыстық филиалының төрағасы Арман Тастамбеков бұл шараның тек саяси емес, терең қоғамдық маңызы бар екенін атап өтті.
– Бұл – бірлікті нығайтуға, белсенді азаматтарды топтастыруға, бүкіл халықтың мүддесіне қызмет ететін нақты шешімдер әзірлеуге арналған платформа, – деді ол. – Мұнда шынайы идеялар айтылып, даму стратегиясы қалыптасады, әрбір дауыс маңызды. Бұл – азаматтық қоғам энергиясы нақты іске айналатын орын.
Халық партиясының төрағасы Ермұхамет Ертісбаев партияның стратегиясы мен болашағы туралы баяндап, барлық партия мүшелеріне белсенді жұмыстары үшін алғысын білдірді. Оның айтуынша, осы еңбектің нәтижесінде электоралдық аудитория кеңейіп, алдағы мақсаттар айқындалды..

– Біз бәрімізге маңызды мәселелер туралы айтып отырмыз. Бұл – заң мен тәртіп. Өңірлердің дамуы. Өмір сапасы. Бюрократия мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес. Әрбір азамат өзін елдің бір бөлшегі ретінде сезінетін қоғам құру, – деді Ертісбаев.
— Енді алдымызда жаңа мүмкіндіктер ашылып жатыр. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламентті бірпалаталы ету ұсынысын енгізді. Біз бұл туралы 2023 жылғы өз бағдарламамызда да айтқан едік. Енді айқын: уақыт жетті! Егер біз парламенттік көпшілік болғыбыз келсе, елді өзгерткенді қалайтын болсақ — халықтың сенімін жеңіп алуымыз қажет.

Мәжіліс депутаты, НПК-ның «Jas Orta» жастар қанатының жетекшісі Ислам Сұңқар саяси ортада жас көшбасшы ретінде қалыптасу және өзін-өзі жүзеге асыру тәжірибесімен бөлісті. Ал НПК Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Ерғали Жұмағұлов өңірлік сайлау үдерістерінің негізгі қағидаларын түсіндіріп, жергілікті билікпен конструктивті әріптестіктің мысалдарын келтірді.
НПК-ның Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрайымы Ләйлә Төлеубекова өңірлік маңызды бастамаларды қолдауға бағытталған жергілікті әлеуметтік-белсенді жастар тұжырымдамасын таныстырды. Ал НПК белсендісі, «AIDEM» заң кеңсесінің жетекшісі, «CURATOR ASTANA» заң консультанттары палатасының өкілі Ануарбек Бахманов партияның қоғамдық қабылдау орындарының жұмыс әдістерімен және олардың оң нәтижелі тәжірибелерімен бөлісті.

— Қоғамдық қабылдау жұмысы – бұл жай ғана құқықтық көмек емес, – деді Бахманов. – Бұл бүкіл қоғам үшін құқықтық сауаттылық мектебі..
Форумға «Достар» дуэті, «Аманат» триосы және Ақмола облыстық филиалының жастар қанатын басқаратын партия мүшесі-домбырашы Роман Борисовскийдің өнер көрсетуі ерекше әр берді. Сондай-ақ НПК өкілдері Еңбек мамандықтары жылына арналған «Еңбек адамы-2025» байқауының қорытындысын шығарып, жеңімпаздарды марапаттады. Жаңа серіктестерге партиялық билеттерді табыстау құрметті рәсімі де зор қошеметке бөленді.
@halyk_partiyasy