ҚХП фракциясы фискалды саясатты тез арада жаңартуды ұсынды

dep.jpg

Қазақстан Халық партиясының парламенттік фракциясы мемлекеттің фискалды саясатын жедел түрде жаңғырту қажет деп санайды. Себебі, елдегі кәсіпкерліктің табысты дамуы фискалды саясаттың тиімді болуына тікелей байланысты.

Мәжілістің бүгінгі жалпы отырысында ҚХП фракциясының жетекшісі, депутат Магеррам Магеррамов, бүгінде нарықтағы тауарлардың жартысынан көбі интернет-дүкендер арқылы, оның ішінде екінші деңгейлі банктердің қосымшасы арқылы сатылатынын атап өтті.

«Бөлшек және көтерме саудада тауар сатып алу банктердің POS-терминалдары арқылы жүзеге асырылады. Осындай эквайринг операциялардың салдарынан берілетін чектер – фискалды емес. Сондықтан аяқталған ақшалай операциялар туралы ақпаратты мемлекеттік кіріс органдарына жеткізу функциясы орындалмай қалады», - деп атап өтті депутат.

Бұл жағдай елімізде тиісті салықтарды төлемейтін және түскен пайда туралы есеп бермейтін көлеңкелі нарықтың ұлғайып бара жатқанын көрсетелі. Ал салық органдары болса олардың «офлайн-әріптестерін» ғана қудалай береді.

«Ісіне адал кәсіпкерлер фискалды чек беру үшін мәжбүрлі түрде бақылау-касса машиналарымен (БКМ) қосымша айла-шарғы жасау мәселелерімен бетпе-бет келеді, оған қосымша уақыт пен күш жұмсайды. аталғанның бәрі еліміздегі кәсіпкерліктің дамуына кедергі жасап, бюджеттік саясатымызға нұқсан келтіруде», - деп түсіндірді Мәжіліс депутаты.

ҚХП депутаты Мемлекет басшысы биылғы жолдауында салық саясатын өзгермелі фискалды жағдайларға бейімдеу туралы тапсырма бергенін еске салды. Себебі, елдегі салық органдары әлі күнге дейін заманауи стандарттарға бейімделмей жұмыс істеп келеді.

Мәжілісмен Үкіметтен жыл соңына дейін салықтық әкімшілендіруді Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын эквайринг операциялар саласына біріктіруді ұсынды. Осы ретте ҚХП фракциясы ҚР Премьер-министрінің орынбасары, Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаровқа депутаттық сауал жолдады.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy