ҚХП фракциясы Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік (МЖӘ) туралы Заң жобасын әзірлеуде

dep.jpg

Қазақстан Халық партиясының парламенттік фракциясы кезекті отырыс өткізді. Жиын барысында депутаттар заң шығару мәселелерін, атап айтқанда партиялықтар бастамашылық еткен Заң жобаларына арналған мәселелерді талқылады.

VIII шақырылымның жұмысы кезінде ҚХП фракциясы бірқатар құжаттарды әзірлеп, талқылауға ұсынды. Атап айтқанда, бұл Кәсіптік одақтарды дамытуға арналған және Күзет қызметі саласындағы жаңа нормаларды белгілейтін жобалар. Қазір бұл Заң жобалары Парламент комитеттерінде талқылануда.

– Сонымен қатар, біздің фракция мемлекеттік-жекеменшік әріптестік мәселелерін талқылау бойынша іс-шара өткізді, - деп еске салды ҚХП фракциясының жетекшісі, депутат Магеррам Магеррамов. - Қазір біз көкейдегі сұрақтарымызға толық жауап алдық. Енді Заң жобасына түпкілікті түзетулер енгізу үшін сарапшыларды қайта жинау үстіндеміз.

МЖӘ саласын реттейтін заң жобасы Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінде қаралып жатыр.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy