Қазақстан Халық партиясы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен өткізілетін «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына белсене қатысты. ҚХП қалалық және өңірлік филиалдарының өкілдері сыпырғыштармен, тырмауыштармен, күректермен және басқа да қажетті құралдармен көшеге шығып, көшелерді қоқыстан тазарту, ағаш отырғызу және басқа да аумақтарды абаттандыру жұмыстарын атқарды. Партия мүшелерінің әрқайсысы өз елді мекендерін абаттандыруға өлшеусіз үлес қосты.
Акция аясында ҚХП Шымкент қалалық филиалының өкілдері А.Асқаров атындағы Дендропаркті қоқыстан тазартты. Партияның Алматы облыстық филиалының активі Шеңгелді ауылының әкімдігімен бірге ауыл әкімшілігі мен жергілікті Мәдениет үйінің алдындағы гүлзарларды көшет отырғызуға дайыдап, 3000 гүл отырғызды. Олардың Түркістан филиалындағы әріптестері С.Қожанов және Ясауи көшелерін (Кентау қаласы) тәртіпке келтірді. Маңғыстау облысының партия мүшелері сенбілікке өңірлік әкімшілікпен бірге қатысты. Қарағандыда,ы партия мүшелері Бұқар-Жырау көшесін күл-қоқыстан тазартты. Жетісу облысындағы ҚХП филиалы Өтенай кентін жинап, абаттандырды. ҚХП Шығыс Қазақстан облыстық филиалы Алматы көшесін Назарбаев даңғылынан Бажов көшесіне дейін (Өскемен қаласы) тазалау міндетін атқарып шықты. Абай облысындағы ҚХП филиалы Семей қаласындағы «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының» аумағын және Өтепбаев көшесі, 50 мекенжайындағы тұрғын үйді ТҚҚ-дан тазартты. Қызылордалық партия мүшелері Б.Шөкенов атындағы саябақта сенбілік өткізді. Ақтөбе облысындағы ҚХП өкілдері де қаланың тазалығына өз үлестерін қосты.
– Мұндай акциялар жастарды туған қаласына деген сүйіспеншілікке, еңбекті құрметтеуге және қоршаған ортаға ұқыпты қарауға тәрбиелейді, - деп атап өтті Ақтөбе облыстық филиал басшысы Талғат Төремұратов. - Биыл Ақтөбе қаласының 155 жылдығы атап өтілуде. Сондықтан біз еріктілердің күшімен оны барынша таза, жайлы және әдемі еткіміз келеді.
Ұлытау және Алматы қалалық филиалдары 19-20 сәуірде сенбіліктер өткізеді. Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақмола және Атырау облыстарының партия мүшелері аталған өңірлерде ТЖ енгізуге байланысты су тасқынына қарсы іс-шараларға жұмылдырылды.