ҚХП мен ҚКП: «Социализм - біздің ортақ мақсатымыз!»

Қазақстан Халық партиясы мен Қытай Коммунистік партиясы өзара тиімді ынтымақтастық және партиялық құрылыс, білім беру, идеология және т.б. салаларда тәжірибе алмасу туралы келісті. Осыған байланысты Астанада ҚХП төрағасының бірінші орынбасары Мирас Әукенов ҚКП ОК жанындағы Партия мектебінің (Қытай мемлекеттік әкімшілік академиясы) тұрақты істер жөніндегі проректоры Се Чуньтаомен кездесті.

Кездесу барысында Мирас Әукенов ҚХР Қазақстанның стратегиялық серіктесі және жақын көршісі болып табылатынын, ал біздің республикаларымыз арасындағы өзара қарым-қатынастар тиімді ынтымақтастыққа негізделгенін атап өтті. Екі партия да осындай достық қарым-қатынаста. Ынтымақтастықты одан әрі табысты дамыту үшін ҚХП тәжірибе алмасуды, екі тарап өкілдерінің бірлескен іс-шараларға, білім беру бағдарламалары мен халықаралық конференцияларға қатысуын ұсынды.

– ҚХП мен ҚКП-ның ортақ мақсаты бір - бұл социализм қағидаттары негізінде әділ қоғам құру, - деп атап өтті Әукенов. - Бұл біздің елдеріміз бен партияларымыз арасындағы өзара тиімді әріптестік үшін көптеген мақсат-мүдделеріміздің ұқсас екенінінің көрінісі.

Өз тарапынан, Се Чуньтао ҚХП-ға қолдау көрсеткені, соның ішінде салмақты сыртқы саясаты үшін алғысын білдірді.

– Сіздің партия Тайваньдағы сайлаудан кейін бірыңғай Қытай қағидаттарын дер кезінде қолдап, еліміздің ішкі істеріне араласуға қарсы шықты, мұны біз өте жоғары бағалаймыз, - деп еске салды ҚХР-дан келген қонақ. - Біздің партиялар арасындағы ынтымақтастық біздің елдеріміз үшін пайдалы болады деп ойлаймын.

1

Се Чуньтао ҚКП партиялық мектебінің жұмысы жайлы әңгімеледі. Ондағы кадрларды даярлау, соның ішінде жоғары буынның басшылық құрамын даярлау, өзінің идеологиялық тұғырнамасын қалыптастыруға және батыс идеологиясының ықпалына қарсы тұруға бағытталған қытай ерекшелігі бар социализм теориясын және партия философиясын әзірлеу, сондай-ақ бүкіл мемлекеттің саясатына оң әсер ететін ақыл-ой орталықтарын құру туралы да айтып берді. Бұл бағытта сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл (10 жыл ішінде жоғары деңгейдегі 600-ден астам шенеунік жазаланған), кедейлікпен күрес және халықтың әл-ауқатын арттыру маңызды орын алады.

– Социализм - дамудың дұрыс жолы, - деп түйіндеді Су Чуньтао. - Социализмнің мақсаты - халықтың өмір сүру сапасын арттыру, әділ қоғам құру, осылайша әрбір адамның бостандығы мен құқықтарын қорғауға қол жеткізу.

Екі партия да партияаралық және саяси алаңда одан әрі де табысты ынтымақтасуға ниетті екендіктерін жеткізді.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy