Қазақстан Халық партиясы аймақтарда экологиялық тазалық, білім беру, шығармашылық және басқа да іс-шараларды өткізуге бағытталған «Қайырымдылық керуені» акциясын өткізуде.
Игі істер эстафетасын ҚХП Шығыс Қазақстан филиалы жалғады. Партиялықтар жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тұратын «Жасөспірімдер үйінде» болды. Мекемеге тәрбиеленушілердің жатын орындарын жаңалау үшін жергілікті кәсіпкерлердің демеушілік көмегі берілді.
ҚХП Абай облыстық филиалының өкілдері партияның жастар қанатымен және Семей қаласының шығармашылық зиялыларымен бірлесіп, № 2 Семей қалалық арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қарттарына арнап концерттік бағдарлама өткізді. Белсенділер орталықта тұратын тыл ардагерлеріне Алғыс хаттар табыстады.
ҚХП Ұлытау облыстық филиалының белсенді кәсіпкерлері Жесказған қаласындағы «Балалар үйі» ММ қамқорлығындағы жасөспірімдерге демеушілік көмек көрсетіп, оларға жаңа теледидар сатып әперді.
ҚХП Шымкент қалалық филиалының басшылығы «№ 2 есту қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы мектеп-интернат» КММ тәрбиеленушілеріне «Shymqala» тарихи-мәдени кешеніне арнайы экскурсия ұйымдастырды. Көне бекініс негізінде құрылған «Shymqala» кешені Шымкент қаласының тарихи мұрасына кіреді. Оның аумағындағы музейлердің бір бөлігі ашық аспан астында орналасқан, онда бақылау алаңы мен бірқатар көне ескерткіштер бар. Сонымен қатар, сол жерде нақты жүріп жатқан археологиялық қазба жұмыстары мен катакомбалар балаларға өте қызықты болды.
Бұған дейін Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжінің студенттері үшін Ы.Алтынсарин мемориалдық мұражайына саяхат ұйымдастырған ҚХП Қостанай облыстық филиалы осы игі істі жалғастырды. Екінші экскурсия жергілікті тарихи-өлкетану мұражайына ұйымдастырылды.
Қазақстан Халық партиясы осындай сипаттағы, гуманитарлық бағыттағы акцияларды еліміздің барлық өңірлерінде өткізеді.