ҚХП-ның «Қайырымдылық керуені» акциясы

Қазақстан Халық партиясының аймақтық филиалдарында «Жақсылық керуені» акциясы бастау алды. Шара барысында партия мүшелері бірқатар экологиялық, білім беру және басқа да іс-шаралар өткізді.

Атап айтқанда, ҚХП Солтүстік Қазақстан филиалының қызметкерлері партияның жастар қанатының белсенді қатысуымен жергілікті тұрғындардың бастамашыл тобымен бірлесіп, су тасқынынан зардап шеккен «Заречный» шағын ауданының аумағын тазартуды ұйымдастырды. Атап айтқанда, олар № 13 мектеп маңындағы 1-ші Заречная көшесін үйінділерден тазартып, сондай-ақ жалғызілікті азаматтар тұратын жекеменшік үйлердің аула аумағын су тасқыны кезінде жиналып қалған құм, балшық, қоқыс және құрылыс материалдарының сынықтарынан тазартып, тәртіпке келтірді.

5

6

ҚХП Түркістан филиалындағы партия мүшелері, филиал жетекшісі Зухра Қамбарованың басшылығымен «Түркістан Өңірлік Арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-де болып, мекеме ұжымымен кездесті. Қонақтар Орталықтың қамқорлығындағы кішкентай бүлдіршіндерге партия мүшелігіндегі демеуші-кәсіпкерлерден символдық сыйлықтар алып келді.

1

Ал ҚХП Қостанай облыстық филиалының өкілдері Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжінің студенттеріне Ы.Алтынсарин мұражайына саяхат ұйымдастырды. Мұражай экскурсоводы Қазақстандағы білім берудің дамуына зор үлес қосқан ұлы ақын, жазушы және ағартушының өмірі мен шығармашылығы туралы егжей-тегжейлі әңгімелеп берді.

4

Қазақстан Халық партиясы осындай сипаттағы, гуманитарлық бағыттағы акцияларды еліміздің барлық өңірлерінде өткізеді.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy