Қазақстан Халық партиясының орталық кеңсесінде төраға Ермұхамет Ертісбаевтың басшылығымен Бюро отырысы өтті.
Бюро мүшелері республика үшін бірқатар өзекті тақырыптарды талқылады. Атап айтқанда, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық Құрылтайда айтқан Қазақстанның Елтаңбасын ауыстыру мүмкіндігі туралы бастаманы атап өтті.
– Ортақ келісім болған жағдайда, барлық аспектілерді мұқият қарап, қоғамдық пікірталастар өткізетін арнайы комиссия құруға болар еді, - деп мәлімдеген еді Қ.Тоқаев.
ҚХП төрағасы барлық тараптардың пікірлерін ескере отырып, мәселеге байыпты қарауға шақырды.
– Бұл бір күндік шешім емес, - деп атап өтті Ертісбаев.
Сонымен қатар, отырыс барысында партиялық басқару жүйесіндегі кадр мәселесі қаралды. Атап айтқанда, Бюро қаулысымен ҚХП төрағасының орынбасары Асхат Асылбеков көпшілік дауыспен қызметінен босатылды.
Бұған дейін Асхат Асылбеков ҚХП басшысының кеңесшісі, ал 2023 жылдың қаңтарынан бері партия төрағасының орынбасары қызметін атқарған болатын.