ҚХП сындарлы ынтымақтастыққа дайын

dep.jpg

Жаңа Үкімет жаңа жұмыста өзін көрсетуі тиіс. Тек осылай ғана атқарушы билік халықтың сеніміне ие бола алады. Қазақстан Халық партиясының парламенттік фракциясы депутаттарының ұстанымы осындай.

– Мен Олжас Бектеновты ҚР Премьер-Министрі лауазымына лайықсыз кандидатура деп санамаймын, - деп нақтылады Мәжілістің отырысында ҚХП фракциясының басшысы Магеррам Магеррамов. - Оның кәсіби тәжірибесі бар, ол бұрынғы жұмыс орнында өзін жақсы жетекші ретінде көрсетті. Бірақ біз жаңа Премьер-Министрдің батыл іс-қимылын көрмейінше, біздің ұстанымымыз осылай қала береді. Бұл жаңа Үкімет үшін тәсілдерді өзгерту қажет деген белгі болса керек.

Қазақстан Халық партиясының экономиканы, әлеуметтік саланы және т.б. басқару бойынша жеке көзқарасы бар.

– Бүгін біз Парламентте оппозиция бар екенін, барлық депутаттар бірдей ойламайтынын тағы да көрсеттік, - деп атап өтті М.Магеррамов.

– Біздің фракция ескі Үкіметтің барлық кемшіліктерін нақты белгілеп, не істеу керектігін жеткізді. Бұдан кейін не болатынын алда көрерміз.

ҚХП бейтараптығына қарамастан, партия депутаттары жаңа Министрлер Кабинетімен сындарлы ынтымақтастыққа сенім артады.

– Біз заңнамалық салада сындарлы жұмыс істеуге дайынбыз, - деп мәлімдеді фракция жетекшісі. - Бізде Заң жобаларына бастама жасалды, өз ұсыныстарымыз бар. Кенжеғұл Сейітжанға қазір әлеуметтік омбудсмен болуды тапсырды. Ирина Смирнова - білім беру жүйесінің, Ислам Сұңқар - жастар саясатының, Гаухар Танашева - көпбалалы отбасылардың мәселелерін көтереді. Біздің фракция ел өміріне белсенді қатысады.

Бұған дейін Қазақстан Халық партиясының парламенттік фракциясы ҚР Премьер-Министрі лауазымына ұсынылған Олжас Бектеновтің кандидатурасына дауыс беру кезінде қалыс қалған болатын.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy