Қазақстан Халық партиясының Алматы қалалық филиалы партия төрағасы Ермұхамбет Ертісбаевқа атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. Есеп беру жиынында ҚХП басшысы партияның жаңа мүшелеріне партиялық билеттер табыстады.
ҚХП АҚФ басшысы Нұрсұлтан Шоқанов пен оның орынбасары Бейбіт Құсайынов филиал мен депутаттық фракцияның қызметі, олардың Алматы қалалық мәслихаты мен Қоғамдық кеңестегі жұмысы туралы әңгімеледі.
Штаты айтарлықтай жаңарып, «жасарған» филиалда 20-дан астам имидждік және әлеуметтік іс-шаралар ұйымдастырылған. Филиал сайлау науқаны кезінде белсенді жұмыс атқарды. Қалалық мәслихатқа партиялық тізімде 40-қа жуық кандидат ұсынылды. Партиялықтар мен волонтерлер сайлаушылармен көптеген кездесулер ұйымдастырды, тіпті қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен бейбіт митинг өткізген.
Сайлау қорытындысы бойынша оңтүстік астананың мәслихатына ҚХП-дан 3 депутат сайланды. 3 партия өкілі мен 9 сарапшы қаланың Қоғамдық кеңесінің құрамын толықтырды.
Депутаттар 44 депутаттық сауал жолдап, 43 күндізгі және 29 көшпелі отырыс өткізген. Тұрғындардың өтініштері бойынша 18 мәселе шешілді. Бұдан басқа, мәслихаттықтар қаланың стратегиялық, әлеуметтік, мәдени және басқа да нысандарына 12 мониторингтік тексерулерге шыққан. Ескі үйлерді жөндеу, Алматы агломерациясы аясындағы зиянды өнеркәсіп кәсіпорындарын көшіру, мемлекет мұқтажы үшін магистральды жолдарды тесу және метро станцияларын салу сияқты 1000-нан астам жер учаскесін алып қою, сондай-ақ Алматының Бас жоспарын пысықтау - бұл фракция араласқан проблемалардың бір парасы ғана.
ҚХП АҚФ алдағы уақытта Қоғамдық кеңес шеңберінде өз жұмысын күшейтуді, сондай-ақ партиялық тізімге сәйкес депутаттарды ротациялауды жоспарлап отыр.
ҚХП төрағасы Ермұхамет Ертісбаев алматылық партия мүшелерімен шынайы ризашылық көңілмен жүздесіп, атқарған жұмыстары үшін алғыс айтты. Жаңа партия мүшелеріне партия билеттерін тапсыру рәсімі барысында ҚХП басшысы партияның алға қойған мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға барлық мүмкіндіктері бар екенін атап өтті.
– Партиялық билеттерді тапсыру - біздің күшті және топтасқан командамызға қосылудың жарқын көрінісі, - деп атап өтті Е.Ертісбаев. - Сіздерге біздің Халық партиясының қатарында толағай табыстар тілеймін!