Қазақстан Халық партиясы киберқылмыспен күрес бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізуде. Осы ретте, ҚХП Маңғыстау облыстық филиалының ұйымдастыруымен Ақтау медициналық колледжінің студенттерімен «Интернет алаяқтары» атты түсіндірме кездесу өтіп, партия мүшелері интернеттегі алаяқтықтың зияны туралы айтып берді. Сондай-ақ шараға Халық банкінің қызметкерлері, қалалық прокуратура қызметкерлері мен БАҚ өкілдері қатысты.
Кездесу барысында студенттерге интернет-алаяқтардың әрекеттері мен әдістері туралы пайдалы ақпарат беріліп, нақты мысалдар арқылы алаяқтықтың алдын алу жолдары түсіндірілді. Студенттер сұрақтар қойып, мамандардан нақты кеңестер алды.
«Біздің шараның мақсаты – интернет арқылы жасалатын алаяқтық қылмыстардың алдын алу. Біз студенттерді қорғап, оларды қылмыскерлердің құрбаны болмауға үйреткіміз келеді», - дейді партия мүшелері.
Бұған дейін Қазақстан Халық партиясынан сайланған Мәжіліс депутаттары киберқылмыстардың алдын алуға бағытталған бірқатар бастама көтерген болатын. Атап айтқанда, олар онлайн несиеге ресми түрде тыйым салуды және қазақстандықтар үшін несие берумен келіспеушілік презумпциясын енгізуді ұсынды.