Көңіл айту

dep.jpg

Қазақстан Халық партиясы Тибет автономиялық ауданының Шигадзе қаласында болған қайғылы оқиға – жер сілкінісіне байланысты Қытай халқының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады. Зілзала салдарынан ондаған адам қаза тауып, зардап шекті, баспаналарынан айырылды.

Біз сіздермен бірге апат құрбандарын қайғыра еске алып, зілзаладан зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілейміз. Осындай қиын сәттегі біздің шынайы жанашырлығымызды қабыл алыңыздар.

Қазақстан Халық партиясы


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy