Әкімдер сайлауы әділетті болу керек!

dep.jpg Қазақстан халық партиясы аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерінің сайлауын әділ әрі ашық өткізуді талап етеді.

Пленарлық отырыста ҚХП атынан сайланған депутат Ислам Сұңқар атап өткендей, аудандар мен облыстық маңызы бар қала әкімдерінің сайлауын өткізу – азаматтарды шешім қабылдауға тартудың, сондай-ақ ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік басқаруды жаңғыртуға және жаңа Қазақстанның құрылуына бағытталған саясатын жалғастырудың нақты, әрі пәрменді тәсілі.

  • Қазақстандықтар тек сайлау учаскесіне барып дауыс беруге ғана емес, олардың көпшілігі әкім болуға өз кандидатураларын ұсынуға дайын, – деді мәжілісмен. – Халық жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформа мен жаңа сайлау циклі және саяси жүйенің конфигурациясын қалыптастырады деп расымен сенеді.

Қазақстан Халық партиясы мемлекеттік органдардан сайлау процесінің әрбір кезеңінде заңдылық пен ашықтықты қамтамасыз етуді талап етеді. Яңни, кандидаттарды тіркеуден бастап дауыс беру қорытындысын шығаруға дейін. ҚХП фракциясы атынан жасалған депутаттық сауал еліміздің Орталық сайлау комиссиясы мен Бас прокуратураға жолданды.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy