Қазақстан Халық партиясы парламенттік фракциясының жетекшісі, Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов республикалық бюджет туралы заң жобасына жөнінде айтқан пікірніне қатысты түсініктеме берді.
Бұған дейін Мәжілістің жалпы отырысында фракция атынан сөз сөйлеген партия мүшесі Үкіметтің жұмысындағы елеулі кемшіліктерді атап өтіп, кірістер мен шығыстарды бөлуде атқарып жатқан шаралардың тиімсіздігін сынға алған болатын.
«Бюджетті тиімді жоспарлау – ел экономикасының дамуының кепілі», - деген болатын Магеррамов.
Әзірге Үкімет жұмысының тиімділігі нашар. Себебі, бюджет тапшылығын жоюға Ұлттық қордың қаражаты жұмсалып жатыр, бюджет шығындары негізсіз ұлғаюда, доллар бағамы бұрынғы бағамен есептелген және қазіргі нақты бағаға сәйкес келмейді, т.б.
«ҚХП парламенттік фракциясы жоғарыда айтылған ескертулерімізді кейіннен ескерулеріңізді сұрай отырып, 2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджетті қолдауға келіседі», - деп түйіндеген еді депутат.
Магеррамов ҚХП фракциясының ұстанымын «Үкіметке тағы бір мүмкіндік беру» деп түсіндірді.
«Үкіметтің құрылғанына көп уақыт бола қойған жоқ. Оған қоса, бірден төтенше жағдайлар орын алды», - деп атапөтті мәжілісмен алапат су тасқынын еске салып. – Осындай жағдайлар Үкіметтің бұл құрамына өзін толық көрсетуіне мүмкіндік бермеді. Және бұл жағдайда үзілді-кесілді бір жақты шешім шығарудың болудың қажеті жоқ екенін түсіндік. Сондықтан, Үкіметке қаржылық жағдайды тұрақтандыру шараларын әзірлеуге мүмкіндік беруіміз керек.