Кімнің есебіне жазылады?

dep.jpg

Мемлекеттік сатып алулар туралы жаңа Заң жобасы мен ілеспе заңнамаға жасалған түзетулерде барлық мәселе бүге-шүгесіне дейін ескерілуі тиіс, алайда олқылықтар әлі де бар. Осылай деген, Қазақстан Халық партиясы фракциясының жетекшісі, Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамовтың сұрағы Қаржы министрі Мәди Тәкиевті тұйыққа тіреді.

Мәжілісмен заң жетілдірілмеген жағдайда туындайтын шатасулардың нақты мысалын келтірді.

– Айталық, мемлекеттік мекеме, әкімшілік ғимараттың теңгерім ұстаушысы бар, - деп болжады Магеррамов. - Онда коммуналдық қызметтерді пайдалану бойынша шығындарды өтей отырып, мүлікті өтеусіз пайдалануға тұрғын емес үй-жайларды жалдау шарттары жасалған басқа да ұйымдар орналасқан...

Жасалған шартта жалға алушылар тек коммуналдық қызметтерге ғана ақы төлеуге міндетті екені ескерілген.

– Бірақ 1 қаңтардан бастап бізде бұл норма жойылды, - деп жалғастырды депутат. - Енді теңгерім ұстаушы мен жалға алушылар электр энергиясын жеткізуге конкурс жариялауға міндетті.

Жағдай сәл ақылға сыйымсыздау болып шығады: бір ғимарат, бір есептегіш... және бірнеше жеткізуші.

– Мұндай жағдайда электр энергиясының қанша және кімге жеткізілгені қалай анықталады? - деп сұрады Магеррамов. - Кім қанша қарыз екені қалай есептеледі?

Қаржы министрі бұл сұраққа жауап беруге қиналып, бұл мәселені мұқият зерттеп, зерделеуге уәде берді.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy