Киноға барайық!

Қазақстан Халық партиясы «Қайырымдылық керуені» акциясын аяқтауда. Ақтық эстафетаны партияның Жетісу облыстық филиалы қабылдады.

Балаларды қорғау күні қарсаңында филиал белсенділері Талдықорған қаласындағы «Kino5XX» кинотеатрында «Айналайын» балалар үйінің жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған тегін әлеуметтік киносеанс ұйымдастырды.

1

– Киноға бару балалар үшін үлкен оқиға болды, олар нағыз үлкен экраннан кино көрді, - деп атап өтті партия мүшелері. - Бұл қайырымдылық бастамасы қиын өмірлік жағдайға тап болған балалар үшін мерекелік көңіл-күй мен ертегідегідей сан қилы қызықты ахуал қалыптастыруға бағытталған.

2


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy