Классиктің рухымен сырласу

Қазақстан Халық партиясы өңірлерде «Дара Тұлға» акциясын өткізуді жалғастыруда. Мәдени-ағартушылық сипатқа ие акция аясында спортшылармен, ғалымдармен және басқа да танымал азаматтармен кездесулер, сондай-ақ мұражай экскурсиялары, кітапханаларға бару, әдеби кештер және т.б. жоспарланған.

ҚХП Абай облысындағы филиалы белгілі ғалым және қоғам қайраткері Қайым Мұхамедханұлы Мұхамедхановтың ұрпақтарымен кездесу ұйымдастырды.

1

Қайым Мұхамедханұлы Мұхамедханов (05.01.1916-30.06.2004) біздің елімізде жақсы танымал ғалым, әдебиет зерртеушісі. Дәл осы ғалым ғылыми түрде Абайтану мен Шәкәрімтанудың негізін қалаушы. Педагог, ақын, жазушы, текстолог, драматург және әдеби аудармашы Семей қаласында Абай мұражайын ұйымдастырды. Сонымен қатар, оны бүкіл Қазақстан халқы Қазақ КСР-інің бірінші әнұранының мәтінінің авторы ретінде жақсы біледі.

2

– Біз өскелең ұрпаққа осы ұлы адам туралы бірегей шығармашылық және тарихи мәліметтер беруге тиіспіз, - деп атап өтті кездесуді ұйымдастырушылар. - Қайым Мұхамедханұлы, халқымыздың мәдениеті мен құндылық әлеуетін байытқан, рухани мұра мен әлемдік классикаға айналған көптеген тамаша туындылардың авторы.

Қазақстан Халық партиясы өткізетін «Дара Тұлға» акциясы республиканың барлық өңірлерінде жалғасын табады.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy