Көмек қолын созайық!

Қазақстан Халық партиясының өкілдері республикалық «Таза өлке» эко-акциясына белсенді қатысуда. Акция аясында ҚХП Алматы қалалық филиалының волонтер-белсенділері шағын сенбілік өткізді. Олар өрттен зардап шеккен үй аумағын тазалады.

Бұл сенбілік әдеттегі дәстүрлі сенбіліктерден ерекше болды. Себебі, партиялықтар қоқыс жинап, қоршаған ортаны қорғауға ат салысып қана қоймай, өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарға көмек көрсетті.

1

«Бұл шара біз үшін ынтымақ пен қолдау көрсетудің символына айналды. Мұндай іс-шаралар қиын жағдайлар туындаған кезде өзара көмек, ынтымақ пен қоғам бірлігінің маңызы зор екенін көрсетеді», - деп атап өтті партия өкілдері.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy