Көмек қолын созу – азаматтық парыз

Қазақстан Халық партиясының Алматы қалалық филиалы «Қазақстандағы дағдарыс орталықтары одағы» ММ-мен бірлесіп, «Өзекті әлеуметтік мәселелер» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Аталған шара халықтың әлеуметтік осал санаттары өкілдерін әлеуметтік қорғау және тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес мәселелеріне арналды.

Шараға партияның Әйелдер және жастар қанатының өкілдері мен белсенділері, ҮЕҰ өкілдері, сондай-ақ шақырылған сарапшылар қатысты. Талқылау барысында көпбалалы аналар, жалғызбасты аналар, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар және т.б. алаңдатып отырған мәселелер көтерілді.

1

«Аяулы жан» жобасының жетекшісі Гүлшара Сапарова тұрмыстық зорлық-зомбылықпен бетпе-бет келген кездегі әрекеттер алгоритмін ұсынды. Психолог және жасөспірімдермен жұмыс жөніндегі сарапшы Сәуле Шлымова ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас тақырыбын талқылап, мейірімділік пен парасаттылық арасында тепе-теңдік болуы тиіс екенін атап өтті. «Инновациялық киіз үйлер» жобасының жетекшісі, «Жаным» қайырымдылық қорының менеджері Аида Құсайынова өмірде қиын жағдайға тап болған әйелдерге арналған жаңа қосымшаны іске қосу жұмыстары туралы айтты.

Продюсер, тележүргізуші және волонтер Адель Оразалинова әлеуметтік мәселелерді жария етіп, оларға журналистер мен блогерлердің назарын аудару үшін медиа-кеңістікті белсенді пайдаланудың маңыздылығын атап өтті.

4

«Дөңгелек үстел тәжірибе мен білім алмасудың, сондай-ақ азаматтардың әлеуметтік осал санаттарын қолдау мен қорғаудың алдағы қадамдарын талқылаудың маңызды алаңына айналды», - деп қорытындылады партия мүшелері.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy