Қазақстан Халық партиясы бастамашылық еткен «Таза Өлке» экологиялық акциясы жалғасып жатыр. Партияның өңірлік филиалдары саябақтар мен гүлбақтарды көгалдандыруға атсалысып, рекреациялық аймақтарды абаттандырыа, елді мекендердің қоғамдық орындарын қоқыстан тазартуда.
Акция аясында ҚХП Шығыс Қазақстан облыстық филиалының өкілдері Сибин көлінің жағасын тазартуды ұйымдастырды. Бұл көл облыс тұрғындарына жақсы танымал, жазда жергілікті халық мұнда шомылып, демалыс өткізуге келеді. Өкінішке қарай, тәжірибе көрсетіп отырғандай, демалушылар табиғатқа мүлдем жанашырлық танытпайтын болған.
– Осындай «демалыстан» кейін бүкіл жағалау аумағы адам қарап болмайтындай қоқысқа толып кеткен, - деді партия белсенділері. - Барлық жерде пластик және шыны бөтелкелер, сынған шыны, темір банкілер, полиэтилен пакеттер және басқа да тұрмыстық қоқыстар шашылып жатыр.
Экологиялық акцияның басты мақсаты - тек жағалауды ҚТҚ-дан тазарту ғана емес, сонымен қатар халықты экологиялық мәдениетке тәрбиелеу.
– Осылайша біз экологиялық тазалыққа мән беріп, қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәселелеріне назар аударғымыз келеді, - деп түсіндірді партия мүшелері.
«Таза Өлке» акциясы аясында еліміздің барлық өңірлерінде экологиялық іс-шаралар өтеді.