Елде техникалық мамандар жетіспейді, ал мемлекет орта арнайы білім беруден қаржы үнемдейді. Қазақстан Халық партиясы Үкіметке осы парадоксалды жағдайды шешуді ұсынды.
Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова бос жұмыс орындарын талдауға және электронды еңбек биржасындағы түйіндемеге сілтеме жасай отырып, орта білікті мамандарға сұраныс жоғары екенін атап өтті. Барлық бос жұмыс орындарының 40% -на орта білікті мамандар қажет екені анықталды. 34,5 мың бос жұмыс орнына 22,5 мың түйіндеме ұсынылды. Яғни қажеттілік 1,5% - ға артық болды.
– Жыл сайын ТжКБ жүйесінен 140 мыңға жуық жас шығарылады, – деді мәжілісмен. – Колледж студенттерінің саны жылдан жылға көбейіп келеді. Алайда орта буын мамандарын даярлаудың сапасы мен олардың кәсіпорындарға қажеттілігі туралы ауыз толтырып айта алмаймыз.
Баланы балабақшада ұстауға мемлекет айына 40 мың теңгеден, мектепте ұстауға 50 мың теңгеден астам, ал 10-11 сыныптарда бір оқушыға айына 70 мыңға жуық теңге бөледі. Бір қызығы, колледждерге бір айға 37 мың теңге қарастырылады. Ал колледж орта білімді де, кәсіпті де меңгертуге міндетті.
– Колледждердегі мұғалімдер мен шеберлердің жалақысы мектептердегі мұғалімдерге қарағанда әлдеқайда төмен, – деді И. Смирнова. – Бұл мұғалімдерді қысқартуға, шеберлерді жұмыстан шығаруға, салдарынан арнайы орта білім сапасын төмендетуге әкеледі.
Оқу-ағарту министрлігі колледж студенттері үшін жан басына шаққандағы қаржыландыру көлемі өсіп жатқанын үнемі жариялап отырады. Дегенмен өсім орта мектептердің де деңгейіне жетпейді.
Қазақстан Халық партиясы Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігіне колледждерде сапалы білім беруді ұйымдастыру және шын мәнінде білікті орта буын мамандарын даярлау үшін жан басына шаққандағы қаржыландыру көлемін ұлғайтуды ұсынды.
Мәжілісмен отандық колледждердің 2 практикалық мәселесін көтерді. Ол елімізде ғана емес, Орталық Азияда біргей саналатын Геодезия және картография колледжіне құрылыс колледжімен бірігу қаупі төніп тұрғанын, сондай- ақ жекеменшік ЖОО-ға беру жоспарланып отырған Астананың ең көне гуманитарлық педагогикалық колледжін сақтап қалу қажеттігіне назар аударды.
– Колледждерді тапсыру заңдылығын түсінуді сұраймыз, – деп қорытты сөзін депутат.