Командалық дағды қалыптастыру

Қазақстан Халық партиясы спортты және салауатты өмір салтын насихаттауды жалғастыруда. Партия бастамасымен қолға алынған «Спорт - өмір серігі» атты акция аясында республика өңірлерінде турнирлер, спорттық жарыстар және жастардың қазақстандық чемпиондармен жастық жігерді жанитын кездесулер өткізіліп келеді.

ҚХП Ұлытау облыстық филиалы Сәтбаев қаласында балалар мен жасөспірімдер арасында бокстан турнир ұйымдастырды.

1

2

ҚХП Шығыс Қазақстан облыстық филиалының өкілдері сандық спортты таңдады. Олар FIFA пәні бойынша киберспорт турнирін өткізді.

3

– Бұл пәнді таңдау қазіргі жастардың виртуалды жекпе-жектерге деген жоғары қызығушылығынан туындап отыр, - деп атап өтті жарысты ұйымдастырушылар. - Киберспорт - бұл жай ғана хобби емес, ол қуатты, қарқынды дамып келе жатқан индустрия. Спорттың бұл түрі реакцияны, стратегиялық ойлауды, нақтылықты және жағдайды тез талдай білуді дамытады, сондай-ақ командалық ойынға қажетті көпшіл болу дағдыларын қалыптастырады.

4

Қазірдің өзінде қазақстандық киберспортсмендер беделді халықаралық турнирлерге қатысып, республикалық, тіпті әлемдік деңгейдегі командаларға мүше болуда. ШҚО-дағы турнирге облыстық және республикалық жарыстарда бірнеше рет жүлделі орындарға ие болған «Real game» командасы қатысты.

Ал ҚХП Шымкент қалалық филиалы Орталық саябақта арқан тарту, асық ату, тоғыз құмалақ секілді ұлттық ойын түрлері бойынша жарыстар ұйымдастырды. Мұнда 1-11-сынып оқушылары қатысты. Негізгі жарыс әр командада 20 адамнан мүшесі бар 4 команда арасында өтті.

5

6

– Бүгінгі жарыстың мақсаты - балалар мен ересектер арасында ұлттық ойындарды насихаттау, - деп атап өтті партия мүшелері.

7

Жарыс қорытындысы бойынша барлық командалардың капитандарына медальдар, қатысушыларға түрлі спорттық жүлделер, ал қалалық Оқушылар сарайының қызметкерлеріне, жас спортшылардың ұстаздары мен тәрбиешілеріне Алғыс хаттар табыс етілді.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy