Көмірді атом энергиясымен алмастырайық

Атырау облыстық АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб өкілдері өңірлік Энергетика және құрылыс колледжінің ұжымымен өткен жиында аталмыш жобаның уақытылы жүзеге асырылғалы отырғанын дәлелдеп берді.

– Ядролық энергетикалық әлеуеті жоғары елдер қатарына АҚШ, Франция, Қытай, Жапония, Ресей және Оңтүстік Корея жатады. Мысалы, Франциядағы атом электр станциялары электр энергиясын өндірудің шамамен 64%, Оңтүстік Кореяда - 31%, Ресей мен АҚШ-та - 18%, Қытайда - 5% және Жапонияда - 5,5% құрайды, - деп нақтылады штаб мүшелері.

Қазір әлемде энергетикалық баланстағы атом энергетикасының үлесі 100 пайызға жететін бірде-бір мемлекет жоқ.

Аудитория спикерлерді мұқият тыңдап, көптеген сұрақ қойып, талқылауға жасады. Мәселен, қатысушылар тарапынан мынадай сауалдар қойылды: «бір атом электр станциясы бүкіл елді қамтамасыз ете ала ма?», «ол экологиялық тұрғыда таза әрі қауіпсіз бола ма?», «АЭС энергия тапшылығы мәселесін шеше ме?»

1

– Қазақстанда АЭС салу 2035 жылға қарай елдің энергетикалық балансындағы атом энергетикасының үлесін 12 пайызға дейін арттырады. Бұл ретте көмір жағу арқылы өндірілетін энергияның үлесі қазіргі 61 пайыздан 40 пайызға дейін төмендейді, - деп түсіндірді агитаторлар.

Нәтижесінде, азаматтар Қазақстанға атом электр станциясы қажет және бұл оң жауап жалпыхалықтық референдумнан кейін жоба құрылысына негіз болуы керек деген қорытындыға келді.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy