Қазақ әдебиеті орны толмас қайғылы қазаға ұшырады. 2025 жылдың 9 қаңтарында белгілі жазушы, қоғам қайраткері, мәдениет қайраткері, аудармашы Мұхтар Мұқанұлы Мағауин 85 жасқа қараған шағында дүниеден озды.
Жазушы еңбек жолын «Қазақ әдебиеті» газетінде бастап, кейін «Жазушы» баспасы мен «Жұлдыз» журналында, Қазақ КСР Ғылым академиясы жанындағы МӘуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында қызмет етті. Сондай-ақ Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының Қазақ әдебиеті кафедрасының доценті болды, Мәскеудегі М.Горький атындағы Әдебиет институтында «Қазақ фольклоры және қазақ әдебиетінің тарихы» арнайы курсы бойынша дәріс оқып, Қазақстан Жазушылар одағының Хатшылығын басқарды.
Мұхтар Мағауиннің алғашқы шығармалары 1959 жылы жарық көрді. 1960 жылы болашақ жазушының «Қобыз сарыны» атты ғылыми монографиясы басылып шықты. Кейінірек бірнеше көркем шығармасы кезек-кезігімен көпшілік назарына ұсынылды: «Көк мұнар» романы, «Бір атаның балалары» повесі, «Аласапыран» тарихи дилогиясы, «Шақан Шері», «Мен» романдары және және классик жазушының бай әдеби-мәдени мұрасы саналатын басқа да романдар мен әңгімелер.
Қаламгердің С.Моэм, Г.Хаггард, Н.Погодиннің және басқа да қазақ тіліне аударған шығармалары оқырмандардың ерекше құрметіне ие болды.
1997 жылы Түркия суретшілері мен жазушылары қоры Мұхтар Мағауиннің еңбегін жоғары бағалап, артынша Мұхтар Мұқанұлы «Түркі әлеміне сіңірген еңбегі үшін» сыйлығымен марапатталды. Сонымен қатар Қазақ КСР-нің Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығының және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. 2008 жылы Мұхтар Мағауин мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияның иегері атанды.
Қазақстан Халық партиясы Мұхтар Мұқанұлы Мағауиннің туған-туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады. Қазақстанның талантты қаламгерінің бай әдеби мұрасы біздің және барша оқырманның жүрегінде мәңгі сақталады.
Қазақстан Халық партиясы