Қазақстан Халық партиясы өз ардагерлерін ардақтауды жалғастырады. «Партияның алтын қоры» жаңа акциясы көп жылдар бойы партияның бастамалары мен саясатын қолдап келе жатқан партия ардагерлеріне арналған. Акция аясында елге еңбек сіңірген партия мүшелерінің жаңа ұрпақпен кездесуі, тәжірибе бөлісуі жоспарланған.
ҚХП Алматы облыстық филиалы партияның дамуына ғана емес, жалпы Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына елеулі үлес қосқан белсенділер Рафаэль Гайтинов пен Құрманғали Кенжекұловты шын жүректен құттықтады. Олар Алғыс хаттармен марапатталып, ұлттық әдет-ғұрыпқа сай иықтарына шапан жабылды.
ҚХП Абай облысындағы филиалының белсенділері де Раиса Бусыгина, Надежда Петкова мен Мұрат Оқасов секілді партияның байырғы өкілдерін құттықтады. Құрметті қонақтарға салтанатты түрде грамоталар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.
– Аға буын – біз үшін нағыз еңбекқорлықтың үлгісі, - деп атап өтті шараны ұйымдастырушылар. - Бұл азаматтар - өздерінің жарқын жылдарын, жастығын, еңбегін қоғамның заманауи дамуына және еліміздің қалыптасуына арнаған жандар.
ҚХП Солтүстік Қазақстан облысындағы партия мүшелері «күміс еріктімен», СҚО Ардагерлер кеңесінің патриоттық тәрбие жөніндегі комиссиясының төрайымы Сәуле Тахметовамен кездесу өткізді.
Сәуле Қасымханқызының есімі «Тарихтағы есімдер» атты көптомдық басылымға енгізілген. Жерлестер оны белсенді азаматтық ұстанымы бар, өмірінің едәуір бөлігін волонтерлік қызметке арнаған принципті адам ретінде жақсы біледі. Жергілікті филиалмен бірлесе отырып Сәуле Тахметова бірнеше рет кездесулерге, алқалы жиындарға және басқа да қоғамдық іс-шараларға қатысты. Оның тікелей қатысуымен оқушылар арасында патриоттық тәрбие беру бойынша дәрістер өткізілді.
Осы іс-шарада ардагер жас аудиториямен өмірлік және кәсіби тәжірибесімен бөлісіп, қойылған сұрақтарға жауап берді. ҚХП басшылығы атынан Сәуле Тахметоваға Алғыс хат пен естелік сыйлық табыс етілді.