Құрметті Отандастар!
Қазақстан Халық партиясы Сіздерді Конституция күнімен шын жүректен құттықтайды!
Ата Заң – тәуелсіздігіміздің тірегі, мемлекеттілігіміздің негізі. Конституцияны ардақтау – әр қазақстандықтың басты борышы. Былтыр Ата Заңның үштен бір бөлігі жаңарды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық партиясының ҚР Конституциясына «Жер және оның қойнауы мен байлығы Қазақстан халқына тиесілі болуы керек» деген түзету енгізу туралы ұсынысын құптады.
Конституциялық реформа саяси-құқықтық жүйемізді трансформациялауға негіз болды. Мемлекетіміздің тұрақты дамуы мен өсіп-өркендеуінің кепілі болып отырған еліміздің басты құжаты азаттығымызды айшықтап, тәуелсіздігімізді тұғырландыра берсін!
Әр шаңыраққа шаттық пен бақ-береке тілейміз. Елдігіміз баянды болсын! Ата Заңымыз мәртебелі тұғырынан түспесін!