Халық аманаты: Қоғамдық диалогтар

Қазақстан Халық партиясы «Халық аманаты» акциясын жалғастыруда. Партия өкілдері белсенділермен, қоғам қайраткерлерімен, жергілікті атқарушы орган өкілдерімен және мәслихат депутаттарымен кездесулер, пікірталастар мен дөңгелек үстелдер ұйымдастырып, халықтың өзекті мәселелерін талқылауда.

Шымкент қалалық филиалы «Әділ билер» республикалық қоғамдық бірлестігінің жергілікті бөлімшесімен бірлесіп кең ауқымды жиын өткізді. Аталған бірлестіктің төрағасы Нұржан Жанзақов Халық партиясымен конструктивті әрі нәтижелі әріптестікті жоғары бағалап, қала тұрғындарын толғандыратын бірқатар мәселелерді көтерді. Бұл жиынға Шымкент қалалық Әділет басқармасының және Білім басқармасының өкілдері де қатысты.

1

2

Жетісу облысында партия мүшелері ҚХП Орталық аппаратының ұйымдастыру бөлімі жетекшісі Нұрдәулет Оразхановпен маңызды мәселелерді талқылады. Партияның облыстық филиалының төрағасы Олжас Ибраимов Оразхановтың Жетісу облысының әкімі Диас Есдәулетовпен кездесуін ұйымдастырды. Кездесу барысында өңірдің идеологиялық дамуы, әлеуметтік түйткілдер және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған бастамалар қарастырылды. Сондай-ақ, ҚХП өкілдері өңірлік даму мен әлеуметтік мәселелерді шешуде әкімдікпен тығыз жұмыс істейтінін атап өтті.

3

– Партияның «Мәдени мұра» (Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына арналған), «Еңбек адамы» (жұмысшы мамандықтарына арналған) және «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы сияқты жобаларына да ерекше назар аударылды, – деді партия өкілдері.

4

Бұдан бөлек, Нұрдәулет Оразханов облыстық мәслихат депутаты Жүнісхан Ермұханмен және партияның облыстық филиалы жанындағы әйелдер қанатының жетекшісі Жанар Нұрмұхановамен кездесті.

5

– Кездесу барысында Жетісу облысының басты мәселелері қозғалды. Атап айтқанда, жолдардың нашарлығы, ауызсу тапшылығы, газдандыру мәселелері, әлеуметтік нысандардың сапасыз салынуы сияқты түйткілдер талқыланды, - деді партиялықтар.

6

Жұмыс сапары барысында ҚХП Орталық аппаратының ұйымдастыру бөлімі жетекшісі Жетісу облысы Қоғамдық даму басқармасының басшысы Бауыржан Әбибековпен кездесіп, өңірдегі қоғамдық-саяси ахуал, азаматтық қоғам институттарын дамыту, әлеуметтік бастамаларды қолдау және бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру мәселелерін талқылады. Тараптар саяси мәдениетті нығайту, қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз ету және аймақтағы әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру үшін өзара ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.

Ал Еңбекшіқазақ аудандық өкілдігінің төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Ерболат Түкеев Ташкенсаз ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Жергілікті халық Ташкенсаз ауылындағы ескі мешіт ғимаратын округ әкімдігінің балансына алу қажеттігін, сондай-ақ Баяндай ауылындағы жол инфрақұрылымы мен Мәдениет үйінің жөндеуді қажет ететінін айтты. Депутат бұл мәселелерді өз бақылауына алатынын жеткізді.

7

8


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy