Көпбалалы отбасыларға қалай көмектесуге болады?

dep.jpg

Мәжіліс депутаты Гаухар Танашева С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің бітіруші студенттерімен кездесті. Шара «Өнеге» жобасы аясында өтті.

Гаухар Танашеваның өзі осы университеттің түлегі. Ол оны 1998 жылы «Емдеу ісі» мамандығы бойынша бітіріп, ординатураға түседі. Кардиолог мамандығын игеріп шығып, содан кейін біраз уақыт ішкі аурулар кафедрасында ассистент болып жұмыс істеген.

Кездесу барысында мәжілісмен Парламент Мәжілісіндегі жұмысы туралы, отбасылық құндылықтарды қалыптастыруға және нығайтуға бағытталған мемлекеттік және заңнамалық саясатты әзірлеу туралы айтып берді. Гаухар Танашеваның өзі 11 баланы тәрбиелеп отыр.

– Мен де көпбалалы анамын, - деді ҚХП депутаты. - Қазақстанда көптеген көпбалалы отбасылар әлеуметтік және тұрмыстық проблемалармен бетпе-бет келеді. Өкінішке қарай, мұндай отбасыларды мемлекеттік қамтамасыз ету қазір төмен деңгейде. Менің негізгі міндетім - көпбалалы отбасыларға көмек көрсету. Сол үшін мен Мәжіліске келдім.

Мәжіліс депутатының айтуынша, дәл қазір Парламент қабырғасында азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған заңнамаға бірқатар түзетулер дайындауда. Білім беру саласы мен медицина саласын маңызды реформалар күтіп тұр.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy