Қазақстан Халық партиясы Жетісу облыстық филиалының төрағасы Олжас Ибраимов Ratel.kz порталында блогер Қайрат Әбдірахманның Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Жеңіс Андабековпен сұхбатына қатысты пікір білдірді. Партия мүшесі Аңдабеков сұхбат барысында шенеуніктердің жемқорлық схемаларын жасыру үшін көпбалалы аналарды қаралауға тырысты деп есептейді.
Біраз уақыт бұрын қаладағы танымал пабликтердің бірінде Жеңіс Андабековтің баспана кезегінде тұрған көпбалалы аналарды қажетті процедураларды айналып өтуге тырысты деп айыптаған жазбасы жариланған болатын.
«Олар кезекті айналып өтіп, қысым көрсетіп, қоғамдық пікірді манипуляциялау сияқты әрекеттер арқылы қалай да болсын пәтер алуға ұмтылады. Әлеуметтік желілерде жазба жариялап, рұқсат етілмеген шаралар ұйымдастыруда», - деген еді орынбасар.
Бұл жазбаға желі қолданушылары жаппай назар аударып, көпшілігі теріс реакция білдірді. Нақтырақ айтсақ, басым бөлігі көпбалалы аналарды кінәлап, балағаттап пікір жазып қалдырған. Санаулы оқырман ғана ол әйелдердің Қазақстанның демографиясына үлес қосып жатқанын және олардың отбасы мемлекеттен баспана алуға заңды түрде құқылы екенін айтқан.
Олжас Ибраимов Андабековтің айтқан пікірін объективті деп санамайтынын жеткізді.
«Әкімнің орынбасары өзі сөзінде бірыңғай жорамалдарға сүйенді. Ал ақпарат құр болжам емес, расталған болуы тиіс», - деп нақтылады филиал басшысы.
Партия мүшесі шенеуніктің сөзі астыртын ойын болуы да мүмкін екенін айтты.
«Осы көпбалалы аналар болмағанда, бәлкім, әкімдік заңсыз берген 1200 пәтер анықталмас еді. Әкімдік пен прокуратура толассыз хат жолдап, әділдік үшін күрескен де солар. Бұл 10-15 жылдан бері кезекте тұрған әйелдердің жанайқайы. Себебі, олардың көз алдында сол санатта тұрғанымен кезекке әлдеқайда кеш қосылғандарға баспана берілуде. Кейбір азаматтардың айла-шарғы жасауы мүмкін екенін жоққа шығармаймын. Алайда, көзіне жас алып, әкімдікке көмек сұрап келгендердің бәріне бірдей жала жабу дұрыс емес», - деді Ибраимов.
Осы ретте ҚХП Жетісу облыстық филиалының төрағасы кейінгі кезде баспана кезегі салыстырмалы түрде біршама реттеліп, осы мәселе бойынша, оның ішінде ҚХП-ның қоғамдық қабылдау бөліміне арызданатын азаматтардың айтарлықтай азайғанын атап өтті.
«Соңғы екі жылда мен бір емес, бірнеше рет көмек сұрап келген шынымен мұқтаж жандар пәтер алып жатқанын байқадым», - деді филиал басшысы.