Көпбалалы отбасыларға қандай қолдау қажет?

dep.jpg Көп балалы аналардың мәртебесі туралы мәселені Қазақстан Халық партиясы тағы көтерді. Бұл жайында Мәжілістегі ҚХП парламенттік фракциясы депутаттық сауал жолдады.

Мәжілісмен Гаухар Танашева Отан от басынан басталатынын қаперге алды.

  • Сондықтан біз отбасы беделін, Ана мәртебесін көтеруіміз керек. Отбасын нығайтып, ғасырлық салт-дәстүрді сақтау, балаларымызды өз Отанын сүйетін, тарихы мен мәдениетін құрметтейтін, лайықты және әдепті адам етіп тәрбиелеу– мемлекеттігіміздің дамуының кепілі, -деп атап өтті мәжілісмен. Депутаттардың пікірінше, көп балалы отбасыларды қолдау еліміздің қауіпсіздігі мен өркендеуін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратыны сөзсіз. Бірақ, ең алдымен, көп балалы ананың мәртебесін анықтау қажет.

  • Бұл демографиялық тұрақтылықты сақтау, отбасылық құндылықтарды нығайту және қоғамдағы әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етуде ажырамас қадам болып табылады, - дейді Танашева.

  • Көпбалалы отбасыларды қолдау демографиялық дағдарысты еңсеруге және халықтың өсуін қамтамасыз етуге көмектеседі. Тұрақты жеңілдіктерді енгізу мұндай отбасыларға экономикалық жағынан әжептәуір көмек.

  • Көпбалалы аналарға арналған мемлекеттік наградалар мен жеңілдіктер қазіргі қажеттіліктерге сәйкес заманауи жаңартуды қажет етеді. Негізгі өзгерістердің бірі «Көпбалалы ана» орденін тағайындау критерийлерін қайта қарау керек, -деді ҚХП депутаты.

  • Халық қалаулылары марапаттау критерийлерін қайта қарауды және марапатталғандарға қосымша жеңілдіктер беруді, сонымен қатар олар үшін міндетті жәрдемақыларды, жеңілдетілген автонесиелерді және қоғамдық көлікпен тегін жүруді енгізуді ұсынады.

– I, II және III дәрежелі «Ана Даңқын» алған аналар үшін мұражайларға, мәдениет және демалыс саябақтарына, хайуанаттар бағы мен көрмелерге айына бір күнге тегін баруды қамтамасыз ету керек, - деп атап өтті ҚХП депутаты.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy