Баршаңызды еліміздегі ең маңызды әрі басты мемлекеттік мерекелердің бірі – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Тәуелсіз Қазақстан – біздің ортақ Отанымыз. Ал алда ел тағдыры қалай болатыны, болашақ ұрпаққа қандай жағдайда мұра болып қалатыны тек өзімізге байланысты. Бүгінде біз халықтың тұрмыс сапасы жоғары болып, адами тұлға елдегі басты құндылық саналатын жаңа, әділетті Қазақстанды құруға ұмтылудамыз. Осы жолда жоспарланған барлық реформаны тиімді жүзеге асырып, қоғамдық сананы жаңғырту бағытындағы жұмыстар арқылы алға қойған мақсаттарға бірлесе қол жеткізейік.
Тәуелсіздік күні – Республика азаматтарының бірлігі күні, азаттық пен ынтымақ күні. Егемен еліміздің заңдары мен дәстүрлерін құрметтеп, оның тұрақты дамуы мен өркендеуі жолында қызмет ету – қазақстандықтардың ортақ міндеті. Әр шаңырақта құт-береке орнап, еліміздің Тәуелсіздігі тұғырлы болсын деп тілейміз!
Қазақстан Халық партиясы!