Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз - Полиция күнімен құттықтаймыз!
Тәуелсіздік жылдары елімізде құқықтық тәртіпті сақтауға бағытталған тиімді және заманауи жүйе құрылды. Қазір сіздер, полицейлер, біздің құқықтық мемлекетімізде заңның үстемдік етуіне қорған болып отырсыздар. Қазақстан азаматтарының құқығын қорғап, қылмыс атаулыны болдырмау – Сіздердің қасиетті парызыңыз.
Сіздерге адал қызметтеріңіз үшін, біздің қауіпсіздігіміз бен тыныштығымызды қорғап тұрғандарыңыз үшін алғыстан басқа айтарымыз жоқ.
Халыққа қызмет ету жолындағы қиын да, қауіпті, қасиетті де қастерлі жұмыстарыңызда шыдамдылық пен төзімділік тірегіңіз болып, жетістік пен сәттілікке жетіңіздер.
Сіздерге шын жүректен мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке, амандық, саулық тілейміз!
Қазақстан Халық партиясы