Сіздерді кәсіби мереке – Металлургтер күнімен құттықтаймыз!
Ірі зауыттардың домна пештерінде тұрып, кен қазып, меттал балқытып, цех тұрғызып, өндірісті меңгеріп және өркендетіп отырған баршаңызға зор алғыс! Металлургия саласы ел экономикасының қуатын арттыруда маңызды рөл атқарып келеді, сондықтан да Қазақстандағы индустрия саласының қозғаушы күш саналады.
Металлургия саласында жұмыс істейтін мамандар болмаса, ғылыми-техникалық прогрестің дамуы қарқынды болмасы анық. Қиын әрі қауіпті, асыл да құрметті қызметтеріңізді сүйіспеншілікпен атқарып келе жатқандарыңыз үшін рақмет!
Баршаңызға алға қойған мақсаттарға қол жеткізу жолында күш-қуат, темірдей денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақыт және жеке шығармашылық табыс тілейміз. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз әрқашан марапатқа лайық.
Қазақстан халық партиясы