Квазимемлекеттік сектордың жұмысы тиімді болу үшін (КМС) қалай реформалауға болады? Бұл туралы Қазақстан Халық партиясы өз ұсынысын айтты.
ҚХП парламенттік фракциясының жетекшісі, Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамовтың айтуынша, директорлар кеңесінің қазіргі дербес құрамы көптеген мәселені туындатып отыр. Бұл кеңес құрамында мемлекеттік саяси қызметшілер болуға тиіс. КМС субъектілері жеке сектор үшін қол жетпейтін артықшылықтарды пайдалана отырып, бизнеспен сәтті "бәсекелеседі".
– Мемлекеттік активтерді басқару ашық болуы керек, - деді Магеррамов. - Ұлттық компаниялардың ресурстарын мақсатсыз жұмсау тәжірибесін тоқтатып, жалақы/сыйақы қаражатын бөлудің тиімді әдісін құру қажет.
Партия мемлекеттік қызметшілердің КМС қызметіне қатысу мүмкіндігін төмендетуді ұсынады. Бұған қоса жақын туыстық түсінікті нақтылап /ашып, түсіндіріп/ көрсету.
– Бұл реформа КМС жұмысына жаңа тұлғалардың қол жеткізуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, – деп есептейді ҚХП. – Ол мемлекеттік қызметті атқаруға және КМС арқылы бизнеске қатысатындардың өзара келіспеушілігін болдырмайды.
Сонымен қатар, партия КМС республикалық субъектілері бойынша директорлар кеңесінің мүшелігіне кандидаттардың реестрін құруды және осы процесті тұтастай реттеуді ұсынады. Нәтижесінде бұл кеңес құрамының тепе-теңдігіне жеке тұлғалардың қатысуын қамтамасыз етеді және оның азаматтық қоғамды бақылауына ықпал етеді.
Осы мәселе бойынша партиялықтар Үкіметке сауал жолдап, жауап беруін сұрады.