Қымбат, бірақ пайдасыз

dep.jpg

Жабдықтар бар - жұмыс істеуге жағдай жоқ. Қазір республиканың көптеген өңірлік ауруханаларында жағдай осылай. Қазақстан Халық партиясының депутаттары бұл мәселенің мәнін Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназаровадан сұрады.

Парламент депутаттарының Денсаулық сақтау министрлігінің басшысымен кездесуі барысында, ҚХП атынан сайланған Мәжіліс депутаты Гаухар Танашева ведомство қазір қымбат құрал-жабдықтар сатып алып, оларды өңірлерге жіберетінін, ал онда жоғары технологиялық құрал-жабдықтың жұмыс істемей босқа тұрғанын қозғады.

– Көптеген өңірлік ауруханаларда мамандандырылған бөлімшелер жоқ, - деп түсіндірді Танашева. - Кейбір ауылдарда жағдай бар, бірақ бұл жабдықпен жұмыс істейтін мамандар жоқ.

Мысал үшін депутат бір жыл бұрын жоғары бағамен сатып алынған, бірақ тәжірибеде қолданылмайтын фельдшерлік рюкзактар туралы даулы оқиғаны еске салды.

Денсаулық сақтау министрі мұндай проблема бар екенін мойындады. Себебі, ведомствода мұндай қамтамасыз етудің әдіснамасы мен жоспарлауы іс жүзінде жоқ.

– Біз бүгін бұл олқылықтың орнын толтыруымыз керек, - деп мәлімдеді Ақмарал Әлназарова. - Бізге барлық деңгейлерде - орталық аудандық ауруханалар, қалалар, облыстар мен республикалық маңызы бар ауруханалар деңгейінде - қандай техникалық ерекшелік болуы тиіс екенін нақты түсіну қажет. Бұл жағдай жаңа құрылғының ертеңгі күні тұрып қалмауы және онымен жүмыс істейтін маманның болмай қалмауы үшін керек.

Қазір Денсаулық сақтау министрлігі жағдайды толық бақылауға алған, тіпті бұл мәселені өңірлермен шешу үшін арнайы жұмыс тобын құрды.

– Ағымдағы бюджет процесін тоқтатпау үшін біз оны былайша, қолмен пысықтаймыз, - деп хабарлады министр.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy