Лай, батпақтан арылмаған Қарғалы...

Өңірлерге жұмыс сапары аясында Қазақстан Халық партиясының парламенттік фракция мүшесі, Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова Алматы облысының Қарғалы ауылындағы инфрақұрылым мәселелері бойынша сайлаушылармен кездесті.

Ауылға келген Мәжіліс депутаты Ә.Бейсеуов атындағы мектепте болып, ондағы жағдайдан көңілі құлазыды. Мектеп аумағы күтілмеген, аулада арам шөптер мен тікенек қаптаған. Таяуда қоршалған спорт алаңы қисық-қыңыр қырқылған, кір-қожалақ жасанды көгалмен жабылған. Бәрі бұрыннан қараусыз қалған. Бұрынғы футбол алаңынан тек ескі кеңестік дәуірдің темір қақпасы ғана қалған. Бұрынғы ойын алаңының өзін шөп басып, көлшіктер мен балшықтың астында қалған. Мұнда спортпен айналысу мүмкін емес.

1

– Осындай иесіздікке не айтарыңды білмейсің, - деді депутат. - Ал оқу жылының басталуына бар болғаны 1,5 ай қалды ғой!

Символдық көгалдарды тиіп кетсе денеңді зақымдайтын істіктері шығып тұрған, бірнеше жерден сынған символдық металл қоршау қоршап тұр. Автомобиль шиналарынан кесіліп жасалған көзге түрпідей көрінетін«гүлзарлар» мектеп аумағын абаттандырудың көрінісі. Бұл жерде едені саңылаулы, есігі жоқ қалқалармен кабиналарға бөлінген құрылысы лас мектептің көше дәретханасы жапсарлас салынған.

– Мектеп ғимараты тау етегінде орналасқан! Табиғаты әсем, әдемі жер! - деп наразы болды Ирина Смирнова. – Керек болса мұнда демалыс маусымына жазғы лагерь ұйымдастыруға болатын жер ғой! Осыншалықты қараусыз қала ма?! Ешкімнің ойына кіріп шықпайды!

Бұған дейін Қазақстан Халық партиясының депутаттары облыстық, аудандық, ауылдық және кенттік әкімдіктерден өздеріне сеніп тапсырылған елді мекендерді абаттандыруды талап еткен болатын. Олардың пікірінше, жергілікті билік өз міндеттеріне немқұрайлы қарайды. Бұл жолы депутаттар Қарғалы кентін мысалға келтірді. Мұнда 38 мыңға жуық халық тұрады, бірақ жарықтандыру жоқ, ауызсу тоқтап тұр, кәріз жүйесі жартылай бұзылған. Кентте клуб та, мәдениет үйі де, спорт залы да жоқ. Жергілікті мектептің футбол алаңы қараусыз қалып отыр. Сол кезде ҚХП фракциясы мемлекеттік органдар мен жергілікті белсенділердің басын қосып, кентті дамыту бағдарламасын анықтау бойынша штаб құруды ұсынған болатын.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy