Инклюзия – заманауи медицинаның ажырамас бөлігі

Қазақстан Халық партиясының депутаты, Президент жанындағы әлеуметтік осал топ өкілдерінің құқығы жөніндегі уәкіл Кенжеғұл Сейітжан Nazarbayev University School of Medicine студенттерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында қатысушылар медицина саласындағы инклюзияның маңызын талқылады. Кенжеғұл Сейітжан кездесу жайлы атмосферада, мазмұнды әрі конструктивті өтті деп бағалады. Ол жастармен сұхбаттасу кезінде олардың медицинаға жай ғана мамандық ретінде емес, өмірлік миссия және үлкен жауапкершілік ретінде қарайтынын атап өтті.

1

– Нағыз дәрігердің жұмысы – науқасты түсінуден және оған құрметпен қараудан басталады. Адамды емдемес бұрын, алдымен оның жанын ұғу керек. Ізгілік пен жанашырлық – кәсібиліктің ажырамас бөлігі, – деді мәжіліс депутаты.

Кездесуге шетелдік студенттер де қатысты. Оларға арнап Кенжеғұл Сейітжан ағылшын тілінде дәріс оқыды.

2

– Осындай жүздесулер шабыттандырып, рух береді, – деп қорытындылады сөзін ҚХП депутаты.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy